Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Атырау облысындағы республикалық маңызы бар «Атырау–Доссор» автожолы төрт жолақты болып қайта салынады, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұған дейін облыс әкімі Серік Шәпкенов жауапты сала мамандарына аталған жолдың жағдайына ерекше көңіл бөліп, мәселені жүйелі түрде шешуді тапсырған еді.
Ұзындығы 86 шақырымды құрайтын бұл жол бойында ТШО, НКОК, ЭМГ, KPI және Ескене газ өңдеу зауыты секілді ірі кәсіпорындар орналасқандықтан, жүк тасымалы мен көлік қозғалысы айтарлықтай қарқынды. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары басталып, оны төрт жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
«Ақпанның соңына қарай немесе наурыз айында мердігер компания анықталады. Атырау–Доссор жолы толық біткеннен кейін Құлсары айналма жолы, Доссор–Құлсары аралығы және Құлсарыдан Маңғыстау облысының шекарасына дейінгі учаскелерді бірінші санатты төрт жолақты жолға кеңейту жоспарда бар», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК Атырау облыстық филиалының директоры Ардақ Қайреденов.
Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі ұзындығы 277 шақырымды құрайтын «Атырау–Астрахань» тасжолы толық жаңартылып, пайдалануға берілген болатын.
Бүгін, 14:06