Атырау футбол клубы бас бапкермен келісімшартты ұзартты

30.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жергілікті футбол клубының директоры Қуандық Жақиялиев бас бапкер Виталий Жкуовскиймен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

«Клуб директоры Минск қаласына барып, бас бапкермен келіссөз жүргізді. Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы маусымды бірге бастауға келісімге келді. Бас бапкер Виталий Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартты ұзартты», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Беларусь маманы бұл команда тізгінін бірнеше рет ұстады. Алдымен 2022 жылғы маусым ортасында мұнайлы өңірдегі футбол клубына бас бапкер болған еді.

Ал 2024 жылы «Атырауды» Қазақстан Кубогының финалына шығарды. Өткен маусымда командаға қайта оралып, клубтың Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуына үлесін қосты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью