Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазіргі уақытта клубтың құнын есептеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыспен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының тапсырысы
Оның бағасына клубтың материалдық базасы мен ойын көрсеткіші әсер етеді.
Басқарма басшысы Нұрбол Сыдықовтың сөзінше, клубтың құны белгілі болғаннан кейін тендер жарияланып, ақпан айында сауда-саттыққа шығарылады.
- Жекешелендіру бойынша арнайы тапсырма бар . Соның аясында жұмысты бастап кеттік.
Өздеріңізге белгілі елімізде осыған дейін жеке меншікке берілген клубтар жұмыс істейді. «Атырау» ФК сату бойынша шешім қабылданды.
Осыған дейін әлеуметтік желіде клубтың жаңа иесі деп шығарған посттарды көрдім.
Қазіргі уақытта клубты осы адам сатып алады деп айта алмаймыз. Барлығы заң аясында, тендердің нәтижесінде белгілі болады.