Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Атырау» футбол клубын коммерцияландыру процедурасы ресми түрде аяқталып, тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Ашық конкурста белгілі кәсіпкер, мұнай өндіру, теміржол тасымалы және логистика саласындағы компаниялардың иесі Болат Қонарбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Клубтың болашағы үшін салынбақ инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеге жуықтайды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов инвестормен кездесу барысында бұл қадамның маңыздылығына тоқталды.
«Бүгін біз өңірлік спортты дамытудағы маңызды бір кезеңді қорытындылап отырмыз. «Атырау» футбол клубы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту туралы тікелей тапсырмасы негізінде ресми түрде коммерциялық негізде жұмыс істеуге көшті. Бұл шешім — басқарудың жаңа моделіне жасалған қадам. «Атырау» ФК — мұнайлы астананың мақтанышы және солай болып қала бермек. Жеке капиталдың келуі клубтың дамуына жаңа серпін беріп, адал жанкүйерлердің сүйіспеншілігі мен сенімін сақтай отырып, оны бәсекеге қабілетті етеріне сенімдіміз», деді Серік Шәпкенов.
Жаңа басшылық клубты жай ғана бизнес емес, әлеуметтік жауапкершілік деп санайды. Алдағы үш жылда клуб академиясындағы шәкірттер санын 1 000 балаға дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ футбол орталығының филиалдары облыстың барлық аудандарында ашылмақ.
Клубтың даму стратегиясында талантты балаларды қолдау басты орынға ие. Жаңа басшылық жүйелі селекциялық жұмыстар арқылы қабілетті жасөспірімдерді іріктеуге мүдделі. Ең бастысы – команданың негізгі құрамы алдағы уақытта жергілікті және отандық футбол мектебінің түлектерінен жасақталады деп күтіледі.
Жекешелендіру шартының маңызды тармақтарының бірі – әйелдер футболын дамыту. Енді «Атырау» футбол клубының құрамында кәсіби әйелдер командасы пайда болады. Олар Қазақстан Республикасының біріншілігінде тұрақты түрде өнер көрсетіп, өңір намысын қорғайтын болады.
Инвестордың жеке қаражаты есебінен Атырауда заманауи футбол академиясы бой көтереді. Бұл тек жаттығу алаңы емес, спортшыларға арналған жатақханасы мен барлық қажетті жағдайы жасалған толыққанды спорттық кешен болмақ.
Бұған дейін «Қайсардың» инвесторы – «TAU Group Ltd» өкілі Исламғали Қозбақов, «Қызылжардың» жаңа иесі – кәсіпкер Сергей Кан, «Жеңіс» клубының инвесторы – кәсіпкер Михаил Ломтадзе болғаны мәлім болды.
Соңғы жаңалықтар
Алматы қоғамдық көлігінің ескі паркі басқа аумаққа ауыстырылды
Алматы • Кеше
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Кеше
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Кеше
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Кеше