Атырау халқы 15 жыл күткен концерт залы: құрылыс алаңында не істеліп жатыр

16.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сүйенсек, осыдан 15 жыл бұрын салынған киноконцерт залының орнында 1200 орындық концерттік зал мен тарихи-өлкетану музейінің құрылысы бүгінде 10 пайызға орындалған.

- Қазіргі уақытта галереяның монолитті қабырғаларын бетондау, лифт шахталарын бетондау,трансформаторлық қосалқы станция іргетасын орнату, концерт залының монолитті қабырғаларын бетондау жұмысы басталды,-деп мәлімдеді басқарма.

Фото: Атырау облыстық құрылыс басқармасы

Өткен жылдан бері 1,5 млрдқа жуық қаржының жұмысы істелген.

Жалпы ғимараттың жалпы құрылыс алаңы – 38 173 шаршы метр. Мәдени кешен үш функционалды блоктан тұрады:

Бірінші блок – концерт залы: көрмендерге арналған 1200 орындық және өзге де сегіз түрлі зал, конференц-бөлмелер, репетициялық кабинеттер және дыбыс жазу студиясы. Екінші блок – тарихи-өлкетану музейі: цифрлық және ғылыми кітапхана, ғылыми-зертханалық кешен, шеберлік бөлмелер, архивтік қор сақтау орындары, көрме залдары мен экспозициялық кеңістіктер. Үшінші блок – «Домбыра» монументіндегі көрініс алаңы: кассалық галерея және қосалқы қызметтік бөлмелер. Фото: Атырау облыстық құрылыс басқармасы

Әр бөлімде әкімшілік және қосалқы техникалық бөлмелер қарастырылған.

Айта кетейік, еліміздің батысындағы ең үлкен мәдени нысанның құрылысы жоспар бойынша 2028 жылдың көктемінде аяқталуы керек.

Еске салайық, бұл аумақта 2011 жылы киноконцерт залы мен монша-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған еді. Оның құрылысына бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

2012 жылы мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылыс тоқтаған. 2013 жылы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (КазНИИСА) нысанға арнайы сараптама жүргізіп, «металл конструкциясы коррозияға ұшырады», «нысан бұзылуға жатады» деген қорытынды шығарды.

Фото: Атырау облыстық құрылыс басқармасы

2014 жылы облыстық мәслихат құрылысты жалғастыру тиімсіз деген шешім қабылдады.

Бұдан кейін шетелдік инвестор концерт залын бизнес орталыққа айналдыруға ниет білдірді. 

Аяқсыз қалған құрылысты «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның балансына беру рәсімі жүргізілген еді. 

2022 жылы өңірге жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы жобаны біржақты етуді тапсырды

2023 жылы облыс билігі сақалды құрылыс бұзылатынын мәлімдеді

Араға бір жыл салып демонтаж жұмысы басталды

Кейін әкімдік жаңа концерттік залдың жобасын жариялады

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью