​Атырау Индер трассасында жылқымен соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмды

25.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ChatGPT арқылы жасалған сурет

Өлімге әкелген жол апаты 21 мамыр күні кешкі уақытта болды.

Жылқымен соқтығысқаннан кейін жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, апат сағат 22:55 шамасында тас жолдың 57‑шақырымында болған. 1970 жылы туған ер адам басқарған Lada Granta көлігі жолда жылқымен соқтығысқан.

Алған жарақаттарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 1972 жылы туған жолаушы түрлі жарақат алып, Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жол‑көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән‑жайы анықталуда. Полиция үй жануарының иесіне де құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, әсіресе қала сыртындағы жолдарда барынша мұқият болуға шақырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:35

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью