Атырау көпірінде селфи жасамақ болған: Елордада ер адам Есіл өзеніне құлап кетті

06.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен 27 жастағы ер адамды судан аман алып шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 шілде күні болған. Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы Есіл өзенінің акваториясын қарауылдап жүрген. 

Ер адам «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде селфи жасамақ болған. Бірақ тайып кетіп, өзенге құлаған.

Оған алғашқы көмекке жақын маңда жүрген серуендеу теплоходының экипажы келген. Олар ер адамға құтқару шеңберін лақтырып, жағалауға жақындатқан. Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны құтқару қайығына шығарып, жедел-құтқару жасағының базасына жеткізді.

1998 жылғы азамат сол жерде жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жағдайы қанағаттанарлық. 

Төтенше жағдайлар министрлігі әсерлі сурет үшін өмірге қауіп төндірмеуге шақырды. Сондай-ақ су айдынының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоршаудан аспауға, су жиегіне тым жақындамауға, әсіресе алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда абай болуға кеңес берді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (@112astana)

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью