Атырау маңайында қамыс өртенді

05.11.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырауда ашық аумақта өрт шықты — Құттығай батыр көшесінен шамамен төрт шақырым жерде қамыс пен жыңғыл өртенді.

Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 27 адам мен жеті бірлік техника, соның ішінде «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС, «Арнаулы автобаза» ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Бірлескен әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖД-де.


Кеше, 19:43

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью