Атырау мен Маңғыстаудың 1,5 млн халқына жер астынан ауызсу тартатын құбыр салынады

13.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Министрлік Атырау және Маңғыстау облыстарының халқын ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Көкжиде», «Айшуақ» және «Солтүстік-Айшуақ» жерасты су көздерінен аталған облыстардың елді мекендеріне дейін өнімділігі тәулігіне 170 мың текше метр құрайтын магистральдық су құбырын салу мәселесін пысықтауда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы шамамен 1,5 млн адамды ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді ол.

Ведомство басшысы мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жоба әзірленгенін де айтты. Қазір ол жобаны экономикалық қорытынды беру үшін Ұлттық экономика министрлігінің мамандары қарап жатыр. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықталып жатыр. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью