Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Көрнекі сурет
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз. 30 наурыздан бастап Атырау мен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылады.
Жаңа рейстің ашылуына орай Атырауда Uzbekistan Airways өкілдері өңірдің туристік нарығының қатысушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шарада Өзбекстан Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Жамаледин Қожа Абдукаримов сөз сөйлеп, тікелей рейс жолдағы уақытты қысқартып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік және туристік сапарларды жеңілдететінін атап өтті.
Бұған дейін Атыраудан Ташкентке тек басқа қалалар арқылы ұшуға болатын еді. Енді жаңа бағыт бойынша тікелей жетуге болады.
«АЖ» анықтамасы
Ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылы Өзбекстанға Қазақстаннан 2 миллион 840 мың азамат барған. Қазақстан Өзбекстанға туристер легі келетін ең ірі елдердің бірі болып саналады.
Сұлтан АХМЕТ
Бүгін, 17:09