Атырау МӨЗ де қалдық газдарды азайту үшін арнайы понтондар орнатылады ҚМГ

19.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Арнайы понтондар Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының резервуарларынан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.

2026 жылы зауытта осындай қалқымалы қақпақпен 9 резервуарды жабдықтау жоспарланып отыр. Бұған дейін 13 резервуар осындай жүйелермен жабдықталды.

"Қазіргі уақытта кәсіпорын жасанды интеллектіні енгізудің толық кезеңіне өтті. Интеллектуалды жүйеге 100-ден аса жабдық қосылады деп көзделген", - деп жазылған хабарламада.

Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша зауыт 1 млн 966 мың тонна шикізат өңдеп, жоспардағы көрсеткіштен 47 мың тоннаға асып түсті. Осы кезеңде АМӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігі 90% жетті.

Жеңіл мұнай өнімдерінің нақты өнімділігі 79,1% құрап, былтырғы деңгейден 2,6% жоғары болды.

722 мың тонна автобензин өндіріліп, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім 8,4% құрады.

Дизель отынын шығару көлемі 668 мың тоннаға жетіп, 14,5% артты, ал авиакеросин өндірісінің көрсеткіші 68 мың тоннаны құрап, 6% ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью