Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды.
— Зауыт тұрақты жұмыс істеп, өндірістік бағдарламаға сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз етіп отыр. 6–7 қарашада Атырау МӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттың 100%-ына жетті. Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, маусымаралық және қысқы дизель отыны өндіріліп, жөнелтілді.
Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тонна. Елдегі сұйытылған газдың 11%-ын өндіретін зауыттың қайта іске қосылуы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қосымша өндірілген отын көлемдері жоспарға сәйкес өңірлерге жөнелтіліп, ағымдағы қажеттілікті толық қамтамасыз етеді, — делінген хабарламада.
Мұнай өнімдері өндірісін арттыру және өңірлердегі қорларды толықтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлерді сұйытылған газ бен бензинмен қамтамасыз ету процесі Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.
Айта кетелік АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.