Атырау облыстық Полиция департаментінің бұрынғы ғимараты 2 жылдан бері пайдаланылмай тұр

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ПД бұрынғы ғимараты Азаттық көшесінде орналасқан. Бірнеше жыл бойы полиция қызметкерлері сол мекенжайда жұмыс істеді. Ал қазір бұл ғимарат қаңырап бос тұр. Аумақ күзетіледі. Дегенмен салқындатқыштың сырттағы бөліктері құлап, терезелері ашық жатыр. Бір сөзбен айтқанда, нысан тозып, сұрықсыз күйге түскен.

Фото: Нұрбибі Теміртасова

Бұл ғимараттың тағдырына қатысты сауалды полиция департаментіне де, облыстық әкімдікке де қойдық. Қос тарап ғимаратты департаменттен әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылдау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Фото: Нұрбибі Теміртасова

- Аталған нысанға қатысты тіркеу және құқық белгілеуші құжаттарды зерделеу барысында бірқатар кемшілік анықталды. Осыған байланысты қазіргі уақытта ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау мүмкіндігі жоқ. Аталған кемшіліктер толық жойылып, тиісті құжаттар заң талаптарына сәйкес толық рәсімделгеннен кейін нысанды коммуналдық меншікке қабылдау жұмысы белгіленген тәртіппен жүзеге асады,-деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Нұрбибі Теміртасова

Жалпы департамент бұл ғимаратқа 1990 жылдардың соңында көшіп келген. Оған дейін құрылысқа жауапты мемлекеттік мекеме жұмыс істеген.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының орталығындағы стадионды жаңғырту жұмысы аяқсыз қалғанын жазған едік.

Фото: Нұрбибі Теміртасова
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью