Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда 2025 жылғы еңбек өнімділігі бойынша алдын ала деректер жарияланды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында тіркелді. Өңірдегі еңбек өнімділігі бір қызметкерге шаққанда 40,3 млн теңгені құрады. Бұл Алматы мен Астанадан айтарлықтай жоғары.
Алдыңғы бестікте Ұлытау облысы (29,5 млн теңге), Алматы (28,4 млн теңге), Астана (21,2 млн теңге) және Қарағанды облысы (19,8 млн теңге) бар. Ал Шымкентте көрсеткіш 10 млн теңге болса, Түркістан облысында – 5,1 млн теңге, Жамбыл облысында – 5,6 млн теңге.
Ең жоғары жылдық өсім Солтүстік Қазақстан облысында байқалды — 125,1%. Сондай-ақ Түркістан (121,6%), Қостанай (121,3%), Шымкент (120,9%) және Жамбыл (120,6%) облыстары еңбек өнімділігінің қарқынды өсімімен ерекшеленді.
2022 жылмен салыстырғанда ең үлкен өсім Жетісу облысында (150,9%), Солтүстік Қазақстанда (149,4%), Қостанайда (138,9%), Қарағанды мен Шымкентте (134,1%) тіркелді. Ал Маңғыстау облысында көрсеткіш төмендеп, 96,6%-ды құрады.
Еңбек өнімділігі — бұл жалақы емес, экономикалық қайтарым көрсеткіші. Ол жалпы қосылған құнды жұмыспен қамтылғандар санына бөлу арқылы есептеледі.
Бүгін, 15:17