​Атырау облысы энергетика мен коммуналдық саланы жаңғыртуда көшбасшылар қатарына енді

29.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Үкіметте энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысы қаралды. 

Отырыста өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев және «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов баяндама жасады. 

Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық бюджетке қосымша жүктеме түсірмей, ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік беретін ұлттық жоба тетіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. 

«Баяндамаларда қаржыландыруды алу рәсімдерін созып жіберген өңірлер аталды. Ұлттық жоба республикалық бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылып жатыр. Осыған баса назар аударамын. Сондықтан онда көзделген “ұзақмерзімді әрі қолжетімді” қаржы құралдарын белсенді пайдалану қажет. Жалпы алғанда, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында оң серпін қалыптасып отыр. Олардың қатарында Атырау, Жетісу, Қарағанды және Павлодар облыстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарқыны бәсең өңірлер де бар»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында Алматы, Павлодар, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының әкімдері есеп берді. Алматы облысында 62,9 млрд теңге болатын он жоба қарастырылып, жыл соңына дейін жылу желілерін реконструкциялау жоспарланған.

Қонаев қаласында су жобалары бойынша конкурстар қайта өткізіліп жатыр, жұмыстарды биыл аяқтау көзделген, ал 2027 жылға 23 млрд теңгелік 14 жоба жоспарланған. 

Шымкентте биыл электр, су және жылумен қамту саласында 31,1 млрд теңгеге алты жоба іске асырылып, жылыту маусымына дейін 88 шақырым инженерлік желілер жаңартылмақ. 

Бұл шаралар 139 мың абонентке көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Кеше, 13:16

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью