Атырау облысы Мақат ауданында тазалыққа жауапты мекеме құрылды

04.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Атырау облысы Мақат ауданында тазалыққа жауапты коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылды.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, 18 арнайы техника сатып алынды. Кәсіпорын ұжымы жұмысқа кірісіп кетті. Екі елді мекен мен аудан орталығындағы көшелерді қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын атқарады. Мақат пен көрші екі ауылдан жылына 20 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық шығады. Алдағы уақытта қоқысты сұрыптайтын арнайы қондырғы алуға 700 млн теңге бөлінеді.

Бекәділ Жайкин, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл кәсіпорынның мақсаты ауыл елді мекендердің санитарлық тазалығы. Сондай-ақ көгалдандыру, абаттандырау жұмыстарын атқаратын болады. Осыған дейін бұл жұмысты мердігер мекеме атқарған болатын. Ашық конкурс арқылы тендер ойналып, жеңімпаз атанған. Ол мекеме қазіргі таңда техникаларынң ескіруіне байланысты толыққанды жұмыс жүргізе алмағандықтан өзіміз КГП ашып, осы жұмысты жалғастырып жатырмыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью