Атырау облысына қарасты ауданда 423 азаматтың зейнетақы және әлеуметтік төлемдері уақытылы түспеген

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Нақтырақ айтқанда, орталық аудандық аурухананың лауазымды тұлғалары қолданыстағы заң талаптарын сақтамай, 338 қызметкердің міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарын уақытылы төлемеген. Қарыз көлемі 29 миллион теңге.

— Прокуратураның араласуынан кейін ғана заң бұзушылықтар жойылып, тиісті қаражат толық көлемде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылды. Сонымен қатар, осындай заң бұзушылықтар «Махамбет Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де тіркелген. Мұнда 85 қызметкерге қатысты 21 миллион теңге көлемінде міндетті жарна төленбегені белгілі болды, — деп мәлімдеді аудандық прокуратура.

Қадағалау актілері негізінде аталған мекемелердің басшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 91 және 92 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Астана қаласының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырып, 30-дан астам заңсыз шешімнің жолын кескенін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью