Атырау облысында 100 әже бір мезетте бесік жырын орындады

12.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы Мақат ауданында Отбасы күніне орай ауданның орталық стадионында "100 әже – 100 бесік жыры" атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ерекше жиында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

"Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - бесік жырының тәрбиелік мәнін насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа жеткізу. Жүз әженің бір мезетте бесік жырын орындауы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы отбасындағы әже тәрбиесінің рөлін арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуді көздейміз", - деді Әсел Қаржауова.

Жиында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін дәріптейтін көрініс ұсынылды. Сондай-ақ ақ жаулықты әжелер немерелерін бесікке бөлеп, бір мезетте бесік жырын орындады.

Іс-шараға қатысушы әжелер, бұл ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы бірлігі мен әже тәрбиесінің жас ұрпақ өміріндегі маңызын көрсеткенденін жеткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью