Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді

02.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырау облысында 13 мектептегі 92 сыныптың оқушылары қашықтан оқу режиміне көшірілді. Білім ордасындағы педагогтер мен оқушыларға медициналық маска кию ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: freepik.com

Облыстық білім беру басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, бұған ЖРВИ-дің қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы себеп болған.

«Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 27 қарашадағы хатына сәйкес, ЖРВИ-дің қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі, орта білім беру ұйымдарында оқушылар мен қызметкерлердің медициналық маска кию режимін ұйымдастыру тапсырылды. Қазір облыстағы 13 мектептегі 92 сыныбының 1920 оқушысы онлайн оқытуға ауысты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью