Атырау облысында 4 жыл бұрын басталған стадионды жаңарту жұмысы аяқсыз қалды

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің мәліметінше, 2022 жылдың қарашасында басталған жаңғырту жұмысы жоспар бойынша бір жылда аяқталуы тиіс. Алайда «ГрадСтройСервис» ЖШС міндетін көрсетілген мерзімде орындай алмаған. Тапсырыс беруші Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігерді жосықсыз деп тану турады талап арыз жолдаған. Бірақ сот оны қанағаттандырусыз қалдырды.

– 2024 жылы мердігерден 8 854 000 теңге тұрақсыздық айыппұлы өндірілді. Қазіргі таңда мердігер міндеттемелерді орындамауына байланысты Мемлекеттік сатып алу заңының 18 бабының 4 тармағының 2 тармақшасының негізінде елісімшарт біржақты бұзылды, - деп мәлімдеді аудандық құрылыс бөлімі.

2024 жылы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы бөлімге бөлінген бюджет қаражатының тиімділігіне, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде құрылыс объектілерінің жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізген.

– 2024 жылдың 11 желтоқсандағы №1 нұсқамасы негізінде «Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңарту» нысаны бойынша мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС-не орындалмаған жұмыстарға төленген 53 млн 300 мыңға жуық қаржыны бюджет кірісіне өндіру жөнінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап жолданып, қанағаттандырылды. Осыған сәйкес Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған шешім бойынша атқару парағын шығару жөнінде хат жолданды, - деп түсіндірді құрылыс бөлімі.

Фото: Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінен

Бүгінде нысанның құрылысы тоқтап тұр. Жаңа мердігерді анықтау үшін қажетті түзетілген сметалық құжаттама осы уақытқа дейін бекітілмеген. Құрылыс жұмыстарының ұзаққа созылуы және жобада көрсетілген материалдардың бағасының қымбаттауы салдарынан нысанның техникалық жай-күйі нашарлап, тозу қаупі туындап отыр.

– Бөліммен нысанның құрылысын аяқтау мақсатында қалған жұмыстардың есебі шығарылуда. Аталаған жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін жаңа мердігерді анықтау жоспарлануда, - деп мәлімдеді аудандық әкімдік.

Жалпы бұл стадион 1985 жылы салынған, көлемі – 2.14 га. Аталған нысанға 1989 жылы күрделі жөндеу, 2002 жылы жай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Стадион 500 орынға лайықталған. Нысан аумағында екі қабатты ғимарат салынып, онда спорт залдары, күрес және үстел ойындарына арналған бөлмелер, мәжіліс залы, жаттықтырушылар кабинеттері мен медициналық пункт қарастырылады. Сонымен қатар футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолағы болады.Жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға да бейімделіп, трибунаға кіруге арналған көтергіш құрылғы мен пандус орнату көзделген.

Бұған дейін Атырау қаласында көпқабатты 7 үйдің құрылысы 3 жылдан бері тоқтап тұрғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью