Атырау облысында адам сүйегі шашылып жатыр: әкім не дейді

23.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон ауылына қарасты аумақта адам сүйегі шашылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Желіде тараған видеоға қатысты Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов пікір білдірді.

"Бұл бейнежазба ескі Қаратон ауылының зиратында түсірілген. Қазір ол ескі Қаратонда ешкім тұрмайды, 1993 жылдан бастап Жаңа Қаратонға 6 шақырым жерге көшірілген", - дейді әкім.

Сүйектердің жер бетіне шығып қалуына табиғат құбылысы себеп болған.

"Құм көшіп, бейіттердің беті ашылып, сүйектер сыртқа шығып қалып жатыр. Бұл қорымдар сол ескі Қаратонға тиесілі, 1993 жылдан бері ол жерге ешкім жерленбеген", - дейді Сансызбай Байұратов.

Әкімнің айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болған емес.

"Бұған дейін ауыл ақсақалдарымен ескі Қаратонға барып қайтқанбыз, бірақ мұндай жағдайды көрмедік. Ол жерде қанша адамның сүйегі жатыр, ол жағы белгісіз. Енді марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Жаңа Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью