​Атырау облысында әкім Шәпкенов ауысады деп күтілуде

16.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында 17 шілдеде өңір басшысын тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді. Бұл туралы Атырау облыстық мәслихаты хабарлады.

Жиналыс Атырау қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы, 58 мекенжайында орналасқан Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығы ғимаратында сағат 9:30-да басталады. 

Депутаттарды тіркеу сағат 8:00-ден бастап жүргізіледі.

Мәслихат таратқан мәліметке сүйенсек, бұл жиын Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген мәслихат депутаттарының облыс, астана және республикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындауға келісім беру ережесіне сәйкес өткізілмек. Хабарламаға Атырау облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Б.Кәметов қол қойған.

Қазір Атырау облысын Серік Шәпкенов басқарып отыр. Ол бұл қызметке 2022 жылдың 7 сәуірінде тағайындалған. Оған дейін Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-министр, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және Атырау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

Бүгін, 15:30

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью