Атырау облысында ауадағы күкіртсутек нормадан асып кеткен

26.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысында атмосферадағы күкіртсутек нормадан бірнеше есе асып кеткен.

Ауа сапасын тексерген экологтар Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Химиктер ауылында 36,3 есе көбейгенін айтады. Ал Тасқала ауылында  күкіртсутек көрсеткіші 17,5 есе артқан. Тұрғындар тыныс алу қиындады деп, әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Облыстық экология департаментінің мамандары мұнай өңдеу зауытынан зиянды қалдық көп бөлінген болуы мүмкін дейді. Сондықтан жоспардан тыс тексеру жүргізбек.

Ерлан Есенов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл дерек бойынша қазір материалдар жинақталып, зерделенуде. Сол күні желдің Атырау мұнай өңдеу зауыты жағынан болғаны анықталып отыр. Енді зауытта кезектен тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталса, шара қолданылады. 

Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты өкілдерінің хабарлауынша, кәсіпорын аумағында ауа ластанбаған. Зауыттың қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандары көмірсутек, бензол және ксилол көрсеткіші шекті мөлшерден асқан жоқ дейді. Айналаға жағымсыз иістің қайдан шыққаны ішкі тексерістен кейін анықталады. 

Мөлдір Борашева, зауыттың қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері:

- Күкіртсутек, С6, С10, С12, С19 көмірсутектері және де ксилол, бензол сияқты заттардың көрсеткіштері шекті концентрациядан асқан жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью