Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алғашқылардың бірі болып 25 қаңтарда Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Бұрынғы әкімнің өкілеттігі 2025 жылдың 15 желтоқсанында аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, Бөкейхан ауылының әкімі Жүсіп Төреғалиев аудит және салынған айыппұлдардың қорытындысы бойынша жұмыстан босатылған.
1 наурызда Қызылқоға ауданы Тайсоған ауылдық округінің және Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімдерін сайлауды өткізу жоспарланып отыр. Тайсоған ауылы әкімінің өкілеттік мерзімі 13 наурызда, ал Махамбет ауылы әкімінің өкілеттігі 14 қаңтарда аяқталды.
Сәуірде Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде сайлау өтеді. Күні 12 сәуірге белгіленген, бұл ретте қазіргі әкімнің өкілеттігі 2026 жылғы 24 сәуірде аяқталады.
7 маусымда Құрманғазы ауданы Жаңаталап және Қөптағай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Екі округте де қазіргі әкімдердің өкілеттік мерзімі 19 маусымда аяқталады.
26 шілдеге Құрманғазы ауданы Еңбекшіл ауылдық округінің, онда қазіргі әкімнің өкілеттігі 28 тамызда аяқталады, сондай-ақ Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы жоспарланған, оның өкілеттік мерзімі 7 тамызда аяқталады.
27 қыркүйекте Индер ауданы Өрлік ауылдық округінің, Исатай ауданы Нарын ауылдық округінің, Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округінің және Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтеді. Өрлік, Нарын және Қиғаш округтерінде әкімдердің өкілеттігі 16 қазанда, Мұқырда — 2026 жылдың 9 қазанында аяқталады.
Сайлау жылын Индер ауданы Индербор кенті аяқтайды, онда кент әкімінің сайлауы 28 қазанда өтеді. Кенттің қазіргі әкімінің өкілеттігі 2026 жылдың 18 желтоқсанында аяқталады.
Айнұр САПАРОВА
Бүгін, 11:14