​Атырау облысында егіннің алғашқы өнімдері саудаға шығарылды

16.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Видеодан жасалған скриншот

Атырау облысының Махамбет ауданы шаруа қожалықтарының алғашқы өнімдері саудаға шығарыла бастады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, биыл 4785,9 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 

Қазір шаруалар 300 тоннадан астам көкөніс пен 100 тоннадан астам бақша өнімін жинап үлгерді. Жиын-терім қараша айына дейін жалғасады.

Мемлекеттік қолдау аясында шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны, минералды тыңайтқыштар мен субсидиялар беріліп, суару инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. 

Ал жиналған өнім алдымен жергілікті нарыққа шығарылып, кейін облыс тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

Кеше, 09:16

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью