Атырау облысында ер адам баласын ренжіткен тұрғынның құлағын түбімен кесіп алды

06.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ер адам баласын ренжіткен жігіттің құлағын кесіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 2 қаңтар күні болған. Полиция "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"49 жастағы күдікті өзінің 25 жастағы ұлы мен 24 жастағы жігіттің арасындағы келіспеушілікке араласқан. Сол кезде абайсызда асхана пышағымен жәбірленушінің сол жақ құлағына дене жарақатын салған", - дейді Атырау облыстық полиция департаменті.

Күдіктінің айтуынша, ол құлақты кесуге оқталмаған, қорқытамын деп ойлаған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті жәбірленушінің құлағын түбімен кесіп тастаған. Бірақ дабыл жарғағы аман дейді дәрігерлер.

"Науқас достарының көмегімен өздігінен медициналық мекемеге келген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатқан. Науқасқа тиісті ем тағайындалды, хирургиялық бригада жараны өңдеп, қан тоқтатылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқастың туыстарына жағдай түсіндірілді. Кейін науқас әрі қарай мамандандырылған көмек алу үшін облыстық ауруханаға жолданды.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында, ем қабылдап жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью