Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылғаннан кейін күдіктіге іздеу жарияланды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға байланысты Атырау облысы Махамбет ауданында тұратын 29 жастағы ер адам күдікке ілінген. Қазір полиция бұл қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.
Абай Жұмабаев, Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі:
- Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Еске саламыз, 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз.