Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2022–2025 жылдар аралығында Атырау облысында жалпы көлемі 584 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне өткізілді. Бұл жұмыс Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 37-тармағы аясында жүзеге асқанын Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Тек өткен жылы өңірде 106 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде:
55,3 мың гектар – жайылымдық жерлер, 2,2 мың гектар – егістік алқаптар, 4,1 мың гектар – өзге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, қосымша 40 мың гектар игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Назкен Өтешованың айтуынша, қайтарылған жерлерді қайта айналымға енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды заңға сәйкес мемлекетке қайтару шаралары тұрақты бақылауда болады.
Бүгін, 14:24