Атырау облысында игерілмей жатқан​ 5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

20.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектарды құрайтын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 4,5 мың гектары – жайылымдық жерлер, ал 0,6 мың гектары – басқа мақсаттағы алқаптар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жалпы, өңірде пайдаланылмай жатқан 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланған. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Назкен Утешованың айтуынша, жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында учаскелерді бөлу жұмыстары да қатар атқарылуда.

Конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектарды құрайтын 32 жер учаскесі табысталған. Аукцион арқылы 9,1 гектарды құрайтын 7 учаске берілген.

Мамандардың пікірінше, бұл шаралар жерді тиімді игеруге мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң ықпал етеді.

Бүгін, 13:09

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью