Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
16 мамыр күні сағат 10:00-де Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылында ипподромда халық батыры Исатай Тайманұлының 235 жылдығына арналған бәйге ұйымдастырылады.
Жарысқа Атыраудан және облыс аудандарынан келген жүйріктер қатысады. Тәжірибелі шабандоздар бірнеше қашықтықта сынға түседі:
Тай жарыс — 6 км Құнан жарыс — 9 км Топ бәйге — 15 км Аламан бәйге — 21 кмАламан бәйгеде ең үлкен жүлде қарастырылған:
I орын — 1,5 млн теңге II орын — 1 млн теңге III орын — 700 мың теңгеСонымен қатар қазақ күресі бойынша да жарыстар өтеді. Жүлде қоры:
I орын — 300 мың теңге II орын — 200 мың теңге III орын — 100 мың теңгеҰйымдастырушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын ұлттық дәстүрлер мерекесін бірге атап өтуге шақырады.
Бүгін, 17:50