Атырау облысында мал жұмбақ жағдайда қырылып жатыр

30.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атырау облысының Кенөзек ауылында мал жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty.tv-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шаруалардың айтуынша, мал белгісіз дертке шалдыққан. Алдымен әлсіреп, кейін кенеттен өліп қалады. Жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде ондаған малынан айырылғанын айтып, қалған түлікке де қауіп төніп тұрғанына алаңдайды.

“13 бас мал өлді. Мамандар әлі күнге дейін нақты диагноз қоя алмай отыр. Малдың қандай аурудан қырылып жатқанын анықтай алмады. Көрші шаруашылықтардың бәрі бұл жағдайдан хабардар. Өлген малды әкетіп, өртеп, кейін арнайы шұңқырға көмді. Бірақ аурудың таралуынан қорқамыз. Малымыз көп болмаса да, бұл біз үшін үлкен шығын», – дейді кәсіпкер Рая Мұханбетова”, - дейді кәсіпкер Рая Мұханбетова.

Осындай жағдай былтыр да болған. Ол кезде де мамандар сынама алғанымен, малдың қырылу себебі анықталмаған. Соның салдарынан шаруашылық иелері едәуір шығынға ұшыраған.

“Былтыр менің шаруашылығымда да осындай жағдай болды. Ол кезде 20-30-ға жуық мал қырылды. Қазір нақты санын есіме түсіре алмаймын. Бірақ сол жолы да диагноз қойылған жоқ. Ауылда мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Малдың қырылуы кез келген уақытта қайта басталуы мүмкін. Егер нақты диагнозды білсек, малды немен емдеу керектігін де түсінер едік. Ал қазір олардың неден өліп жатқанын да білмейміз”, – дейді фермер Еркін Шәріпов.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде қандай да бір аурудың белгілері анықталмаған. Енді қосымша зерттеу жүргізу үшін Астанадан мамандар шақырылмақ.
”Қосымша зерттеулер тиісті мекемелер және зертханалармен бірлесіп жүргізіледі. Жануарлардан сынама алынды. Сонымен қатар су, шөп және аурудың ықтимал басқа да көздері тексерілді. Ауру белгілері анықталған жоқ. Өтемақы тек аса қауіпті ауру расталған жағдайда ғана төленеді”, – деді Кенөзек ауылдық округінің әкімі Эдуард Оспанов.

Қырылған малдың санын шаруалардың өздері есептеген. Мал өлекселері арнайы бөлінген орынға шығарылып, сол жерде өртелген, ал қалдықтары көмілген.

Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында ауылдағы барлық малға вакцина егу жоспарланып отыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью