Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
9 сәуір күні сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу автожолының 11-шақырымында КамАЗ жүк көлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында жүргізушіден күдікті иіс байқалып, оның тиісті жүргізуші санаты жоқ екені анықталды.
Кейін ол Мақат ауданының Доссор ауылындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, сараптама нәтижесінде орташа деңгейдегі алкогольдік мас күйінде болғаны расталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары Мақат аудандық сотына жолданды.
Өз сөзінде ер адам Доссордан Теңіз кенішіне жұмысқа бара жатқанын айтқан.
Құқық қорғау органдары көлік құралын мас күйінде басқару адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін және жол қозғалысына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін екенін еске салды.
Бүгін, 12:30