Атырау облысында мас күйінде Toyota Land Cruiser тізгіндеген жүргізуші ұсталды

03.06.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Видеодан алынған стоп-кадр

2026 жылғы 31 мамырда түнгі сағат 2:30 шамасында «Доссор – Бейнеу» жолының 121-шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында полицейлер жүргізушіден шыққан алкоголь иісін сезген. Ол медициналық куәландыруға жеткізілді.

Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге, сондай-ақ қасында жолаушы ретінде отырып, көлікті басқаруды мас азаматқа берген автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жылыой аудандық сотының шешімімен ереже бұзушылар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция жолдағы қауіпсіздік — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін еске салды. Көлікті мас күйде басқару ауыр зардапқа әкеп соғуы мүмкін.

Жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға, өз өмірлерін қорғауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеуге шақырады.

Бүгін, 15:40

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью