Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Атырау облысы бойынша экология департаменті басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою мақсатында тұрақты рейдтер жүргізуде.
Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасындағы меморандум аясында ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша да жүзеге асырылуда.
Мәселен, департамент мамандары Атырау қаласының Самал ықшамауданындағы заңсыз қоқыс орындарын жергілікті атқарушы органдармен бірге зерттеп, тазарту шараларын қолға алды. Ал мамыр айында Құлсары қаласынан ғарыштық түсірілім арқылы төрт рұқсатсыз қоқыс орны анықталды.
Өткен жылы облыс аумағында 40 заңсыз қоқыс орны тіркеліп, оның 35-і толық тазартылған. Қалған бес орын Атырау қаласының жеке тұрғын секторларында орналасқан.
Департамент тиісті әкімдіктерге қалдықтарды жою және бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша нақты мерзімдер белгілеп отыр.
Негізгі мақсат — тазартылған аумақтардың қайтадан ластануына жол бермеу. Осы бағыттағы рейдтер алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Бүгін, 17:27