Атырау облысында сайлау күні түске дейін 13 сәби дүниеге келді

23.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында сайлау өтіп жатқан күні сағат 13:00-ге дейін облыста 13 сәби өмірге келген. Оның 8-і — ұл, 5-еуі — қыз д.ниеге келді, — деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығының кезекші дәрігері Дастан Закариннің айтуынша, аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Атырау облысында сайлаушылар өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью