Атырау облысында сегіз канал тазартылады

28.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл Атырау обылсындағы 8 каналды аршып тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Өңірде егін және мал шаруашылығын суландыруға арналған 21 су арнасы бар. Соның соңғы 2 жылда аршылған бесеуі су қабылдауға дайын. Бұған дейін республикалық су шаруашылығы мекемесінің құзырында болған су арналары былтыр облыс балансына берілді. Қазір олар «Табиғат» мемлекеттік кәсіпорнының меншігінде. Жаңа мекеме облыстық бюджет арқылы қаржыландырылады. Ол жөндеу жұмыстарын айтарлықтай оңтайландырды. Жергілікті билік қаражат бөлсе, мекеме былтыр басталған жұмыстарды биыл да жалғастыруға дайын. Аймақтағы егін шаруашылығымен айналыстаын 150-ден астам шаруашылық суды каналдар арқылы Жайық өзенінен алады. Бұдан өзге мал жайылымы мен шабындықтарға да тірлік нәрі осы 21 арна арқылы жеткізіледі. 

Асланбек Рысжанов, су арналарына жауапты кәсіпорын  директоры:

- 2026 жылға жоспар бойынша біздерде «Нарын» каналына,  «Сборный каналына сосын «Кезауыз», «Қарабау» деген Қызылқоға ауданында каналдарымыз бар,  соларға ең біріші кезекте жобалық-сметалық құжаттама жасалып, облыстан қаржы сұрау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы  Наруыз айынан бастап Сборный каналын тазалау жұмыстары «7-ауыл-Айсары», «Жасқайрат» каналдарын тазалау жұмыстарын жүргіземіз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью