Атырау облысында су тасқынына дайындық пысықталуда

01.02.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау облысында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды. Салынған бөгеттердің беріктігі мен 15 гидробекеттің жұмысы тексеріліп жатыр.

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметінше, су тасқынының алдын ала болжамы ақпан айының басында белгілі болады. Былтыр Жем өзені мен Құрсай каналының табанын тереңдетіп, арнасын кеңейту қолға алынды. Бүгінде өзен арнасының 84 шақырымы қазылған. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады,- дейді жауаптылар. Бұған қоса су тасқынын болжауға арналған «Tasqyn» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жалпы көктемгі су тасқынының салдарын жоюға 1668 адам, 500-ге тарта техника, 291 мотопомпа мен 3 тікұшақ әзір тұр.

Бектұрған Мақсатов, облыстық Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- 121 тонна жанар-жағар май, 582 тонна инертті материалдар, 1 млн-нан астам қапшық, 149 шатырлар мен 600 мыңнан астам төсек жабдық әзірлікке келтірілді. Облыс аумағында орналасқан 173 эвакуациялық паналау орындары дайындыққа келтіріліп, дайындығы тексеріліп жүргізілді. Сыйымдылығы 51 мың адамнан астам.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью