Атырау облысында зейнеткердің зергерлік бұйымын тонаған күдікті ұсталды

31.10.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жылыой ауданында 55 жастағы әйел зейнеткердің үйіне кіріп, зергерлік бұйымын ұрлаған. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ult.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 қазанда Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылында болған.

«Жылыой аудандық полиция бөліміне Қосшағыл ауылының тұрғынынан шабуыл жасалғаны жөнінде хабар түсті. Белгісіз әйел 62 жастағы үй иесіне қарай өткір иісті сұйықтық шашқан. Содан кейін зергерлік бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан жасырынған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 55 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді.

«Оның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Аталған дерекке қатысты зорлық қолдану арқылы жасалған тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью