Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Атырау облысында дауыс беруге дайындық жүргізілуде: 285 комиссия жұмысқа кірісті, ал сайлаушылардың тізімі нақтыланып жатыр. Дайындық барысы туралы «АЖ»-ға облыстық комиссия төрайымы Әсия Қыстаубаева айтып берді.
Оның айтуынша, ұйымдастыру ісі күнтізбелік жоспарға сай жүргізіледі. Облыста барлығы 9 аумақтық (63 мүше), 276 учаскелік (2028 мүше) референдум комиссиялары жұмыс жасайды. Яғни, науқанға барлығы 285 комиссияның 2091 комиссия мүшесі тартылады.
Облыстағы 276 референдум учаскелерінің 136-ы немесе 49 пайызы облыс орталығында орналасқан. Өңірде азаматтардың уақытша болу обьектілерінде құрылған 11 жабық учаскелер бар. Олардың барлығы: 9 денсаулық сақтау саласы обьектілері, 1 әскери бөлім, 1 уақытша қамау изоляторы Атырау қаласында орналасқан.
Референдум комиссияларының орналасқан орындары, құрамдары мен шекаралары 21 ақпанға дейін жергілікті баспасөз беттері мен сайттарда жарияланатын болады.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті органдар референдум комиссияларына акт бойынша дауыс берудің басталуына 20 күн қалғанда ұсынады. Осы жылдың 1 қаңтардағы жағдаймен жергілікті атқарушы органдарымен жасақталған тізімдерге сәйкес облыс аумағында 417946 дауыс беруге құқығы бар азаматтар тіркелген. Қазіргі уақытта осы тізімдер нақтылануда.
Атырау облысы аумағына басқа өңірлерден келген қазақстандықтардың дауыс беруге қатысу құқығы іске асырылатынын комиссиядағылар түсіндіріп берді. Жалпы жергілікті атқарушы органдар референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тіркелген мекен жайын анықтау мақсатында ақпараттық сервистерді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Telеqram bot әлеуметтік байланыс жүйесі, 109 көмекке келе алады.
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін өтініштеріне сәйкес үйден дауыс беру үшін жәшіктер жеткізіліп, мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызмет ететін болады.
Облыста референдумды байқауға 14 ұйым аккредиттелген, ол ұйымдардың қатары өсуі мүмкін.
Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі шығарылды. Егер азаматтардың көпшілігі жобаны қолдаса, құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бүгін, 12:55