Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Биыл өңірде мектеп оқушыларының 95 пайызы жазғы демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру шараларымен қамтылмақ. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 778,6 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Серік Шәпкенов баяндады.
Әкімнің айтуынша, қаражат 1–10 сыныптағы 139 746 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыруға жұмсалады. Оқушыларды сауықтыру лагерлеріне жіберу көрсеткіші жыл сайын тұрақты өсіп келеді: 2024 жылы – 2808 бала, 2025 жылы – 3018 бала, ал биылғы маусымда 5700‑ден астам оқушы қамтылмақ.
Басқа өңірлер де дайындықтарын баяндады. Мәселен, Ақмола облысында барлық оқушыны жазғы демалысқа тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа шамамен 309 млн теңге бөлінген. Әлеуметтік осал санаттағы 2,1 мың бала тегін жолдамамен қамтамасыз етіледі. Соңғы екі жылда өңірде үш жаңа балалар орталығы ашылып, жеке инвесторлар тастанды лагерьлерді қалпына келтіруге 2 млрд теңге қаржы салған.
Премьер‑министр Олжас Бектенов барлық деңгейдегі әкімдіктерге балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қауіпсіздік пен мазмұн сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Бүгін, 13:03