Атырау облысында жоғалған отбасы мүшелерін сүңгуірлер мен суасты дроны іздеп жатыр

08.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесінің мәйіті табылғаны белгілі.

Ал қалған екеуінен әзірге хабар жоқ. Бұлар осы отбасының балалары. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше үшінші, төртінші және алтыншы қаңтарда Жангелдин ауылының төңірегі, Шадымантүбек, Бесмола, және Бірмола аумақтарында 20 шақырымдық радиуста із кесушілер жұмыс істеген. Іздеуге сүңгуірлер мен суасты дроны жұмылдырылған.

Жантөре Демешов, Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- 6 қаңтар күні Қарасу деп аталатын, көлемі шамамен 30-40 метрдей болатын көлдің асты қаралды. Мұздың астын тесіп, сүңгуірлер түсіру арқылы, сонымен қатар суасты дронын пайдалану арқылы аумағы шамамен 800 метрді құрайтын су асты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда аталған іздестіру жұмыстары бойынша еш нәтиже берген жоқ.

Айта кетейік, осы отбасының олардан бөлек тұратын бір қызы 5 қарашада бұл үйден таксимен шыққан. Кейін оның Индер ауданында жүргені видеокамера арқылы белгілі болды. Бірақ одан рағы тағдыры белгісіз. Сосын тағы бір қызы күйеуімен бірге Өзбекстан аумағына өткені анықталған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью