Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
2025 жылы облыс аумағында хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты 974 хабарлама тіркелген.
Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының дерегінше, оның 509-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 971 адамның жүрген жері анықталып, табылды.
2026 жылдың есептік мерзімінде 47 хабарлама тіркеліп, соның 45-і бойынша жоғалғандар табылған.
Полиция азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
Жақындарыңызбен үнемі байланыста болыңыз, ұзақ сапарға шыққанда байланыс құралдарының жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Орналасқан жерді анықтайтын қосымшаларды пайдаланыңыз. Бейтаныс аумақтарда жергілікті жағдайды ескеріп, түнде қолайсыз аймақтарға жалғыз бармаңыз. Балаларды қауіпсіз жүріп-тұруға және күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.Адам жоғалған жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу полицияға немесе іздестіру органдарына хабарласу қажет.
Бүгін, 21:31