Атырау облысының әкімі Мақат ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді

06.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

7 қараша күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Мақат ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен жүздеседі.

Кездесу сағат 11:00-де Бәйгетөбе ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде өтеді. Сағат 12:00-де азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жоспарланған.

Кездесу Мақат ауданы әкімдігінің Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты Мақат ауданы әкімінің аппаратынан 8 (71239) 3-01-83 нөмірі арқылы алуға болады.

Бүгін, 13:10

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью