Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10.06.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құрманғазы және Қызылқоға ауданында ауыл әкімдері сайланды. 

Құрманғазы ауылы

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Еңбекші, Жаңаталап және Көптоғай ауылдық округтерінің сайлауын өткізіп, қорытындысын жария етті. 

Еңбекші ауылдық округі бойынша 1637 адам қатысқан сайлауда үш кандитураны таңдау жүрді. Нәтижесінде Нұрболат Каримовке (1138 дауыспен) басымдық беріліп, әкім болып сайланды. Атырау қаласының тұрғыны, 1977 туған Н. Каримов ішкі істер органында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.

Жаңаталап ауылдық округі бойынша кандидиттықа 3 адам түскен. Бұл сайлауға 1123 сайлаушы қатысып, 24 адам қарсылық танытты. Қорытындысында "AMANAT" партиясынан ұсынылған, бұған дейін "Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" КММ директоры, Сафон ауылының тұрғыны, 1965 жылы туған Сарсембай Қалиев жаңа әкім болып сайланды.  

Ал Көптоғай ауылында өткен сайлауға 416 (сайлаушылар тізімінде 714 адам болған) сайлаушы қатысып, оның 5-уі қарсылық білдірген. Көптоғай ауылының әкімі болып 303 дауыс жинаған, бұған дейін Шортанбай ауылдық округінде бас маман болып еңбек еткен, 1988 жылғы Гулнара Құмарова сайланды.

Қылықоға ауданы

Жамбыл ауылдық округіндегі сайлауға 432 (сайлаушылар тізіміне 911 адам енгізілген) адам қатысып, 3 кандитураның ішінен өз таңдауларын жасады. 258 дауыс жинаған Оспан Аронов сайланды, 1966 жылы туылған ол бұған дейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі болған. 

Миялы ауылдық округіне 3 кандидат түсті. 2518 адам дауыс берсе, 19-ы қарсы екенін білдірген. Бұл жолы 1509 басымдық дауыспен 1971 туылған, уақытша жұмыссыз Гүлшара Изимова сайланды. Оны "AMANAT" партиясының Қызылқоға аудандық филиалы ұсынған. 

Тайсойған ауылдық округіндегі сайлауға 273 сайлаушы қатысты. Сайлаушылар тізіміне 467 адам енгізілген. 3 кандидаттың ішінен 1972 жылы дүниеге келген, бұған дейін "Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ-нің директоры болған Мағжан Жексенов әкім болды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:27

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью