Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Исатай ауданының прокуратурасы жеті кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасамай, еңбек қызметін жүзеге асырғанын анықтады.
Нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан бұзылған құрылыс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін 45 жұмысшының құқығы қорғалды. Аталған дерек ҚР Конституциясының 24-бабына, сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта 45 жұмысшы міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді.
Бүгін, 11:51