Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Сурет: ҚазАвтоЖол
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады. Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жөндеу жұмыстары жолдың 372-432 шақырым аралығындағы учаскесінде жүріп жатыр. Учаскенің жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды.
Жөндеу жұмыстарына 37 бірлік арнайы техника және 20 маман жұмылдырылған.
Жоба аясында 13 шақырым аумақта жол жабыны жонылды. Сонымен қатар, ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төселуде.
Сурет: ҚазАвтоЖолМамандардың айтуынша, орташа жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Бүгін, 22:31