​Атырау Орал жолында екі жасөспірім қаза болды

04.11.2025

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Көрнекі сурет

2 қарашада сағат 19.00 шамасында "Атырау-Орал" жолының 27 шақырымында, яғни Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының тұсында LADA Granta мен КаМАЗ автөкіліктерінің қатысымен жол-көлік оқиғасы орын алды. 

Оқиға салдарынан екі жасөспірім қаза болса, ал LADA Granta автокөлігінің үш жолаушысы мен жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша ЖКО бойынша қылмыстық іс көтеріліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:07

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью