Атырау орталығында 38 миллион теңгеге салынған қоғамдық дәретханалар пайдаланылмай тұр

03.04.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Атырау қаласының орталығында орналасқан бірнеше қоғамдық дәретхана қыстан бері жабық күйде қалып отыр. Олар Жеңіс саябағында, Махамбет пен Исатай алаңында, жағалауда және Авангардтағы соңғы аялдамада орнатылған.

Қала тұрғындарының айтуынша, нысандар қыс кезінде «су қатып қалды» деген себеппен жабылған. Алайда сәуір айына қарамастан, дәретханалар әлі ашылмаған.

«Бұл дәретханаларды қыста жауып тастады, себебі су қатып қалған. Қазір сәуір болды, бірақ әлі жұмыс істемейді. Ашып, халыққа қолжетімді етсін немесе алып тастасын – орталықтың көркін бұзып тұр», – дейді тұрғындар.

Қоғамдық дәретханалар шамамен бес жыл бұрын орнатылған. Ашық конкурс нәтижесінде жұмысты 38 миллион теңгеге «Аврора KZ» ЖШС атқарған.

Бұған дейін әкімдік дәретханалар таңғы 8-ден кешкі 22-ге дейін жұмыс істеп, қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілетінін хабарлаған еді. Олардың күтіміне «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС жауапты.

Алайда, тұрғындардың айтуынша, іс жүзінде нысандар жабық күйінде қалып отыр. Қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Айгүл МАНСУРОВА

Тұрғындар жолдаған сурет

Бүгін, 14:57

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью