Атырау қаласында 144 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр

03.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басында Қайнар тұрғын үй алабынан учаскелер берілді. Қазіргі уақытта Еркінқала ауылынан, Жұлдыз-4, Ақсай ықшамаудандарынан 5 мыңға жуық жеріміз дайын болғанмен, инженерлік желілер жүргізілмеген. Ең үлкен тұрғын үй алабы Еркінқала ауылында орналасқан. Ол жақта 3 мыңға жуық учаске бар. Су көтеру станциясына байланысты мәселе туындап, сол ауылда су көтеру станциясының құрылысын бастау жоспарда бар. Жобасы аяқталды. Қаржы бөлінсе биыл іске кірісеміз, — деп пікір білдірді Тілек Махуов. 

Еркінқала ауылындағы қосалқы станциялардың кернеулерінің аз болуына байланысты жаңа учаскелерді ток көзімен қамту мүмкін болмай отыр. Қосалқы станциялардың қуаттылығын көбейту жұмысы ұйымдастыралады дейді шенеуніктер. Сондай-ақ әкімдік ол учаскелерге кәріз жүйесін жүргізбек ойда. 

— Биыл жер учаскелері беріледі деп айту қиын. Бүгінде қосымша Самал ықшам ауданынан 140-қа жуық учаске дайындап жатырмыз. Су мен газ жүйесі жүргізілді. Электр желісін жүргізу жұмысын аяқтап, осы жылы кезекте тұрғандарға беруге тырысамыз, - деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінде қала билігі жер беру жұмысының қашан толық жанданатынын дөп басып айта алмайды. Себебі, инфрақұрылым тарту жұмысының қашан басталары беймәлім. Бұған дейін Жамбылда әкімдіктің кесірінен фермерлер жер телімдерін ала алмағанын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью