Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жыл басынан бері Атырау өңірінде Қазақстан Республикасында жүру қағидаларын бұзған 91 адам анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Заң талаптарын бұзған шетелдіктер Маңғыстау облысындағы «Тәжен-авто» өткізу пункті арқылы ел аумағынан шығарылып, оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.
Сонымен қатар көші-қон қызметі шетел азаматтары мен қабылдаушы тараптар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, заң талаптары мен елде болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде.